• ? Құрметті оқырмандар! ⚜

    ? 2025 жылдың 28 қараша күні @ilebalkhash.kz Instagram парақшамызда тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз!

    Continue reading
  • ? Өрт қауіпі бар маусым ресми түрде аяқталды ?

    2025 жылғы 20 қарашада ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің №27-03/291-НҚ бұйрығына сәйкес «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында өрт қауіпі бар маусым аяқталды. Бұл кезеңде орман мен дала алқаптарында өрттің алдын алу, қауіптілікті бағалау және бақылау жұмыстары күшейтіліп, барлық табиғат қорғау мекемелері күшейтілген режимде қызмет атқарды.

    Continue reading
  • ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӨНІНДЕ БІРЛЕСКЕН ІС-ШАРА ӨТТІ

    2025 жылғы 18 қарашада Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, Алматы облысы ПД және «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты. Аталған мекеме қызметкерлері бірлесіп, әуеден бақылау арқылы авиарейдтік іс-шара өткізді.   Іс-шараның негізгі мақсаты – орман, табиғат және жануарлар дүниесін қорғау, заңсыз балық аулау мен биоресурстарға зиян келтірудің […]

    Continue reading
  • ? Орманды көбейту – табиғатты қорғаудың кепілі! ?

    «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының Балқаш маңы филиалына қарасты мемлекеттік орман қоры жерінде жер жыртылып, 625 кг қара сексеуіл тұқымы жиналып, 125 гектар аумаққа себілді. Аталған жұмыс шөл және шөлейт аймақтардағы экожүйені қалпына келтіру, топырақ эрозиясының алдын алу және орман алқабын ұлғайту мақсатында жүзеге асырылды. ? Қара сексеуіл – шөл дала табиғатының басты байлығы, экожүйенің тұрақтылығын […]

    Continue reading
  • ? Сыбайлас жемқорлық және біліктілікті арттыру бойынша далалық оқу-жаттығу сабағы

    «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты ұжымында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған оқу-жаттығу сабағы өтті. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметтік этиканы сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және заң талаптарын қатаң орындау бойынша маңызды түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және қызметтегі […]

    Continue reading
  • Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды

    Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге мемлекеттік сапары аясында Қазақстанға амур жолбарыстарын әкелу және бейімдеу жөніндегі бірлескен іс-қимыл жоспарына қол қойылды. Құжат аймақта баламасы жоқ — Орталық Азияда жолбарысты қайта қалпына келтіру жобасы бойынша уағдаластықтарды бекітеді. ✔Келісімге екі елдің экология және табиғи ресурстар министрлері — Ерлан Нысанбаев пен Александр Козлов қол қойды. ?Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk

    Continue reading
  • ?Қазақстанда құлан популяциясы жетерліктей қалпына келтірілді

    ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаевтың айтуынша, елімізде құлан популяциясын қалпына келтіру 70 жыл бұрын басталған. ХХ ғасырдың ортасында бұл жануарлар ел аумағынан толықтай жойылып кетті. 1953 жылы Түрікменстаннан Барсакелмеске 7 құлан әкелініп, түрді табиғатқа қайта қайтару жөніндегі жүйелі жұмыстың бастамасы болды. «Ғалымдар мен табиғатты қорғау ұйымдарының көпжылдық еңбегінің нәтижесінде […]

    Continue reading
  • ?ҚР ЭТРМ: 2026 жылы Ресейден 3-4 жолбарыс әкелінбек

    Елімізде түрлердің бұрынғы тарихи мекендерінде жойылып кеткен популяцияларын қалпына келтіру бағытында шаралар қабылданып жатыр. Ең ауқымды бастамалардың бірі – жолбарысты Қазақстанның табиғатына қайтару жобасы. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев хабарлады. Оның айтуынша, 2018 жылы жалпы аумағы 415 мың гектардан асатын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. […]

    Continue reading
  • ?Жануарларды реинтродукциялау бағдарламалары іске асырылуда

    Қазақстан Республикасында жануарларды реинтродукциялау, яғни түрлердің бұрынғы тарихи мекендерінде жойылып кеткен популяцияларын қалпына келтіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. ?Мұндай шаралардың басты мақсаты — экожүйелік байланыстарды нығайту, табиғи кешендердің тұрақтылығын арттыру және биоалуантүрлілікті сақтау. ✔Негізгі түрлерді табиғатқа қайтару — экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтірудің маңызды бөлігі болып табылады. ? Қазіргі таңда ең ауқымды экологиялық бастамалардың бірі — […]

    Continue reading
  • ⚡ Браконьерлікке қарсы бірлескен іс-шара нәтижесі ⚡

    «Іле-Балқаш» МТР РММ-нің мемлекеттік инспекторлары мен Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы құрамындағы Төменгі Іле балық инспекциясы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген рейд барысында арнайы электр қуат беруші құралына ұқсас затпен Іле өзенінің үстімен жүрген азамат ұсталды. Алдын алу шаралары кезінде балық аулау фактісі тіркелмегенімен, аталған азаматтың әрекеті браконьерлікке дайындық белгілерін көрсеткен. Оқиға 2025 жылғы 31 қазанда […]

    Continue reading

© Государственный природный резерват «Иле-Балхаш»