-
?✨ «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы игі іс! ?
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік орман қоры аумағында, «Қарамерген» және «Қорыс» бекеттерінде арнайы қоршалған жерге 43 түп тораңғыл және 93 түп жиде көшеттері отырғызылды. ? Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, орман қорын молайтуға және табиғи биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған. ?
Continue reading -
?? 4 Қазан – Дүниежүзілік жануарларды қорғау күні!
Бұл күн – табиғат пен жануарлар әлеміне деген сүйіспеншілікті, жауапкершілікті және қамқорлықты дәріптейтін ерекше мереке. ? ? Әрбір жануар – табиғаттың бір бөлшегі. Оларды қорғау – өмірді қорғау, болашақты сақтау. Адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік тек қамқорлық пен мейірім арқылы орнайды. ? Табиғатты аяла, жануарларды қорғай біл – сонда ғана әлем тепе-теңдігін сақтайды. ?
Continue reading -
?✨ 2 қазан күні «Ассоциация жолбарыс» ұйымы мен «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты бірлесіп Қарой ауылдық округінің тұрғындарымен «Адамдар мен жолбарыстар» тақырыбында кездесу өткізді.
Кездесу барысында Ресейден әкелінетін жолбарыстар, қақтығыс топтарының міндеттері және алдағы уақытта атқарылатын іс-шаралар жөнінде ақпарат берілді. ? Сонымен қатар 15–17 қыркүйек күндері Ресей Федерациясының Хабаровск қаласында Қазақстан Республикасына амур жолбарысын реинтродукциялау мәселелері жөніндегі жұмыс тобының екінші отырысы өткендігі атап өтілді.
Continue reading -
?✨ Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының «Экологиялық ағарту, рекреация және туризм» бөлімінің мамандары Бақанас мектеп-интернатының оқушыларына танымдық дәріс өткізді.
? Іс-шара барысында «Биоалуантүрлілікті сақтау» және «Дүниежүзілік жануарларды қорғау» тақырыптарында слайд-презентациялар көрсетіліп, оқушыларға жан-жақты мәлімет берілді. ? Негізгі мақсат – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, жануарлар дүниесін қорғау мен биоалуантүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.
Continue reading -
?✨Қазан айының 1-ші жұлдызында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваттың қызметкерлеріне қызметтік біліктілікті арттыру аясында түрлі бағыттарда оқу-жаттығулар мен семинарлар өткізілді.
?Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы-аға инспектор Сакауова Гульжахан Батыевна – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕКТА) ғылыми жұмыстарды жүргізу ережелері мен табиғат жылнамасын жүргізудің әдістемесі бойынша мемлекеттік инспекторларға арналған оқыту жұмыстарын ұйымдасты, табиғи құбылыстарды жүйелі түрде тіркеудің ғылыми және практикалық мәнін атап өтті. ⚖ Құқықтық қамтамасыз ету және персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы-заңгер-аға мемлекеттік […]
Continue reading -
«Алтын Емел» ұлттық табиғи паркінен 17 бас құлан «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына реинтродукциялау мақсатында әкелінді.
Бұл жауапты іс-шара Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, БҰҰ даму бағдарламасы, «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК мамандарының, білікті ветеринарлардың және резерват қызметкерлерінің бірлескен еңбегімен жүзеге асырылды. ? Құландарды қайта жерсіңдіру үшін барлық жағдай жасалып, арнайы бақылау шаралары ұйымдастырылды. Мұндай қадам – тарихи ареалды қалпына келтірудегі үлкен жетістік. ?✨
Continue reading -
Биоалуантүрлілікті сақтау
?✨ «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары «Үлгілі» орта мектебінің «Жасыл Life» мектеп орманшылығы оқушыларына «Іле өзені сағасы» филиалына қарасты «Наурызбай» кордонында танымдық экскурсия ұйымдастырып, «Биоалуантүрлілікті сақтау» тақырыбында дәріс өткізді.
Continue reading -
⚜Құрметті оқырмандар!⚜
? 2025 жылдың 30 қыркүйек күні @ilebalkhash.kz Instagram парақшамызда тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз!
Continue reading -
Дүниежүзілік тазалық күніне орай, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен Қарой ауылдық округіндегі Нарын өзенінің жағалауында «Таза өлке» экологиялық акциясы өтті.
? Акцияға ауыл тұрғындары белсенді қатысып, табиғатқа жанашырлық танытты. Бірі қолына қап алып қоқыс жинаса, енді бірі өзгелерге үлгі көрсетіп, табиғатты аялаудың маңызын ұғындырды. ? Мұндай шаралар — қоршаған ортаға қамқорлықты арттырумен қатар, келер ұрпаққа таза, көрікті өлке қалдырудың кепілі. ? Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Табиғат — ортақ үйіміз, оны бірге қорғайық!
Continue reading -
⚡Қасым-Жомарт Тоқаев экологиялық ағарту ісінің бірыңғай үлгісін енгізуге шақырды
«Қоршаған ортаға жанашыр болу, оған үлкен жауапкершілікпен және шынайы қамқорлықпен қарау ұлттық идеологияның өзегі болуы керек. Былтырдан бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық жобасы жүзеге асырылып жатыр, бұл баршаңызға аян. Осы жұмысқа миллиондаған азаматымыз атсалысуда. Жұрт болып жұмылудың арқасында 860 мың гектардан астам аумақ тазаланды, төрт миллионнан астам ағаш отырғызылды. Осындай белсенді жұмысты жалғастыра берсек, аңсаған арманымызға […]
Continue reading










