🌿✨Қазан айының 1-ші жұлдызында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваттың қызметкерлеріне қызметтік біліктілікті арттыру аясында түрлі бағыттарда оқу-жаттығулар мен семинарлар өткізілді.

🌍Ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің басшысы-аға инспектор Сакауова Гульжахан Батыевна – Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда (ЕКТА) ғылыми жұмыстарды жүргізу ережелері мен табиғат жылнамасын жүргізудің әдістемесі бойынша мемлекеттік инспекторларға арналған оқыту жұмыстарын ұйымдасты, табиғи құбылыстарды жүйелі түрде тіркеудің ғылыми және практикалық мәнін атап өтті.

⚖ Құқықтық қамтамасыз ету және персоналмен жұмыс істеу бөлімінің басшысы-заңгер-аға мемлекеттік инспектор Кайырбаев Берик Елтаевич сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары мен әкімшілік хаттаманы толтыру тәртібі жайлы тәжірибелік дәріс өткізіп, құқықтық сауаттылықтың маңыздылығына тоқталды.

📚 Аңшылық маманы-мемлекеттік инспектор Аяған Абылайхан Ғаниұлы – заманауи Smart оқу жаттығуларының маңызы мен тиімділігі туралы баяндама жасап, цифрлық білім беру құралдарының артықшылықтарын түсіндірді.

🔹 Бұл шаралар мемлекеттік инспекторлардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, табиғатты қорғау ісіндегі жауапкершілікті, адалдықты және заманауи көзқарасты нығайта түсті.