Ғылыми қызметі
Резерват ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады және ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асырады.
Табиғат қорғау мекемелеріндегі ғылыми қызмет мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін зерделеу, табиғат шежіресін жүргізуді қоса алғанда, табиғи процестерге мониторинг жүргізу, сондай-ақ биологиялық әртүрлілікті сақтаудың, экологиялық жүйелер мен мемлекеттік табиғи-қорық қорының объектілерін қалпына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеу жөнінде стационарлық жүйелі байқаулар ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.
Ғылыми-зерттеу қызметіне мыналар жатады:
- жаңа білім алуға, соның ішінде табиғат жылнамасын жүргізуге бағытталған іргелі ғылыми зерттеулер;
- табиғатты қорғау мен экологиялық мониторингтің ғылыми әдістерін әзірлеуге бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулер.
Ғылыми-техникалық қызметке мыналар жатады:
- кешенді экологиялық мониторинг жүргізу;
- табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен объектілерге түгендеу жүргізу;
- геоақпараттық жүйелерді және олармен байланысты мәліметтер базасын құру.
Ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттары:
- зерттелетін аумақта модельдік экожүйелерді, биоценоздың бір түрін екіншісіне ауыстыруға бейім аумақтарды, табиғи ортаның экологиялық жай – күйінің индикатор түрлерін бөле отырып, табиғи кешендер мен олардың жекелеген компоненттерін табиғи резерват аумағы мен оның қорғау аймағы шегінде түгендеу;
- биоценоздардың, сондай-ақ олардың компоненттерінің жай-күйі мен динамикасы туралы мәліметтер базасын қалыптастыру;
- қорғалатын аумақтағы өсімдіктер мен жануарлардың сирек кездесетін және жоғалып кету қаупі төнген, эталондық және бағалы түрлерінің популяциясын, сондай-ақ оларға экологиялық факторлар мен қорғау режимінің әсері туралы зерттеу;
- табиғи процестердің мониторингін жүзеге асыру, табиғи және тікелей немесе жанама антропогендік әсерлердің нәтижесінде табиғи кешендерде болып жатқан барлық өзгерістерді тіркеу мақсатында «табиғат жылнамасында» нәтижелерді тіркеу;
- табиғи кешендерді, биологиялық әртүрлілікті, организмдердің жекелеген түрлері мен топтарын қорғауды жақсарту, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу. Қызметтің барлық түрлерін (шаруашылық, рекреациялық) талдау негізінде мемлекеттік табиғи резерватта биоәртүрлілікті сақтау мен қалпына келтірудің ғылыми әдістері әзірленіп, енгізілуі;
- табиғи резерват аумағының және іргелес аумақтардың биологиялық әртүрлілігін салыстырмалы талдау;
- жануарларды реинтродукциялау: Бұхар бұғысы, құлан, жолбарыс.
Резерваттың ғылыми бөлімінің құрамына 8 қызметкер кіреді: бөлім басшысы, 2 аға ғылыми қызметкер, 2 ғылыми қызметкер, 1 кіші ғылыми қызметкер және 2 зертханашы.
2023 жылдың желтоқсан айының 29 жұлдызында ОШЖД Комитеті Ғылым бөлімінің 2024-2028 арналған Ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспары № 27-4/347-нқ бұйрығымен бекітілді, ҚР Ғылым жіне жоғарғы білім министірлігі Ғылым комитетінңһің 28.12.2023 № 3487-16-13250-2/1-1-6 хатымен келісімделген. Тақырыптар ғылым бөлімінің мамандарына бекітілген.
| № | Тақырыптардың, бөлімдердің аталуы | Ғылыми жетекшілер мен жауапты орындаушылар | Өткізілген экспедициялар |
| 1 | «Іле-Балқаш» МТР РММ табиғи кешендерінде Табиғат жылнамасы бағдарламасы бойынша құбылыстар мен процесстерді бақылау | Жауапты жетекші Сакауова Г.Б. – б.ғ.к. ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің жетекшісі, ботаник, бриолог | |
| 2 | «Іле-Балқаш МТР-ның флорасы мен өсімдік жамылғысын зерттеу мен түгендеу». | Тақырып жетекшісі Сакауова Г.Б. – б.ғ.к. ғылым, ақпарат және экологиялық мониторинг бөлімінің жетекшісі, ботаник, бриолог | 1
16-18.06. 2025 г. |
| 3 | «Іле-Балқаш» МТР сирек кездесетін, және жойылып бара жатқан тұяқтылар мен аңшылық-кәсіпшілік сүтқоректілердің популяцияларын бағалау және есепке алу. | Тақырып жетекшісі Байдавлетов Е. Р.- «Іле-Балқаш» МТР кіші ғылыми қызметкері, а/ш магистрі | 3
31.01-05.02-2025 26.09.2025 30.09.2025
|
| 4 | Іле-Балқаш МТР аумағындағы амур жолбарысын қолайлы реинтродукциялау үшін ықтимал қауіптер ретінде ұсақ кеміргіш сүтқоректілер популяцияларының және қансорғыш буынаяқтылар қауымдастықтарының жай-күйін бақылау | Тақырып жетекшісі Есжанов А. Б.-«Іле-Балқаш» МТР аға ғылыми қызметкері , териолог-паразитолог | 1
06.06-09.06.2025 |
| 5 | «Іле-Балқаш» МТР-ның оның маңындағы аумақтардың ихтиофаунасын түгендеу және балықтардың индикаторлық түрлеріне мониторинг жүргізу» | Тақырып жетекшісі Асылбек А.М.- «Іле-Балқаш» МТР ғылыми қызметкері, ихтиолог | 3
06.05-11.05 26.08-01.09. 17-18.09.2025 |
| 6 | 2024-2028 жж. «Іле-Балқаш» МТР герпетофаунасының әртүрлілігін зерттеу және жай-күйіне мониторинг жүргізу. | Тақырып жетекшісі Зима Ю.А.- «Іле-Балқаш» МТР кіші ғылыми қызметкері | 3
27.02- 4.03. 01-06.04. 19.05.- 22.05.2025 |
Резерват ҒТК келесі функцияларды орындайды:
- ғылыми қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары мен бағдарламаларын және олардың ғылыми қызмет нәтижелері туралы есептерін қарайды және бекітеді;
- ЕҚТА-да кешенді мониторингті дамытудың қорытындылары мен перспективаларын талқылайды;
- ЕҚТА тапсырысы бойынша дайындалған ҒЗЖ нәтижелерін қарауды және қабылдауды жүзеге асырады;
- ғылыми қызметкерлерді ведомстволық және үкіметтік наградалар мен құрметті атақтарға ұсыну туралы; сыйлықтар мен стипендиялар алуға ұсыну туралы мәселелерді қарайды;
- ғылыми еңбектерді басып шығару, ғылыми және ғылыми-практикалық кеңестер мен конференцияларға дайындық мәселелерін талқылайды;
- ЕҚТА ғылыми-зерттеу қызметі бойынша ұйымдастыру-әдістемелік құжаттарды дайындайды және бекітеді;
- қорықтың басқа ғылыми-зерттеу мекемелерімен және жоғары оқу орындарымен, оның ішінде қоршаған табиғи ортаны қорғау саласындағы ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлау жөніндегі ынтымақтастығын дамыту мәселелерін қарайды;
- қорықтың аумақтық құрылымын, оның шекараларын оңтайландырудың, өңірде жаңа ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрудың перспективалық жоспарларын бағалайды;
- қорық аумағының экожүйесіне теріс әсер етуі мүмкін шаруашылық және өзге де объектілерді орналастыру жобалары мен схемалары бойынша, оның ішінде олардың қоғамдық және мемлекеттік сараптамасын жүргізу шеңберінде сараптамалық қорытындыларды қарайды және дайындайды;
- қорықтың ғылыми кадрларын аттестаттаудан өткізеді;
- ЕҚТА-да өзекті мәселелер бойынша ғылыми семинарлар өткізудің жоспарлары мен бағдарламаларын қарайды және бекітеді;
- ЕҚТА табиғи ресурстарын басқаруға байланысты, оның ішінде жабайы жануарлар мен өсімдіктерді аумақтан алып қоюға байланысты мәселелерді қарайды;
- мониторинг және ғылыми зерттеулер деректері негізінде ЕҚТА директорына туристік және экскурсиялық маршруттардағы, сондай-ақ ЕҚТА аумағындағы арнайы бөлінген учаскелердегі антропогендік жүктемелерді реттеу (ұлғайту немесе азайту) бойынша ұсынымдар дайындайды;
- алқалы шешімді талап ететін ЕҚТА ғылыми және ғылыми-техникалық қызметінің өзге де мәселелерін қарау.
Ғылыми ынтымақтастық
Резерваттың ұзақ мерзімді ғылыми байланыстары бар және ғылыми-зерттеу қызметінің әртүрлі салаларында өзара тиімді ынтымақтастық туралы жаңа шарттар жасасады.
