«Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы) тағайындайтын директор басқарады.

Мекеме құрамына негізгі қызметті және негізгі міндеттерді орындауды қамтамасыз ететін бөлімдер кіреді. Мекеменің қызметін тікелей басқаруды бөлім қызметкерлеріне басшылықты жүзеге асыратын директордың орынбасарлары мен бас бухгалтері бағынатын директор жүзеге асырады.

 

Басшылық

Директор – бас мемлекеттік инспектор, қолданыстағы заңнамаға сәйкес өндірістік-шаруашылық және қаржы-экономикалық қызметке басшылықты жүзеге асырады. Барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және тиімді өзара іс-қимылын ұйымдастырады, олардың қызметін әлеуметтік басымдықтарды ескере отырып, өндірісті дамытуға және жетілдіруге, жұмыс тиімділігін арттыруға бағыттайды. Жаңа техника мен технологияларды, еңбекті басқару мен ұйымдастырудың прогрессивті нысандарын, ғылыми негізделген нормативтерді, материалдық, қаржылық және еңбек шығындарын кеңінен қолдану негізінде өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырады. Перспективалық даму мәселелерін және резерват қызметіндегі заңдылықтың сақталуын бақылайды. Резерватты білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімі мен тәжірибесін ұтымды пайдалану және дамыту жөнінде шаралар қабылдайды. Кадрлар бөлімінің жұмысына жетекшілік етеді. «Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты» ғылыми-техникалық кеңесінің төрағасы болып табылады.

Негізгі міндеттері

Резерват экожүйелерін сақтау

  • экожүйелер мен оларға кіретін табиғи кешендердің тұтастығын сақтау;
  • белгіленген режимді қамтамасыз ету мақсатында резерват пен күзет аймағының аумағын (су айдындарының акваториясын қоса алғанда) күзетуді жүзеге асыру;
  • биологиялық әртүрлілікті сақтау.

Ғылыми зерттеулер және мониторинг

  • қоршаған орта мониторингінің бірыңғай мемлекеттік жүйесі шеңберінде экологиялық мониторингті жүзеге асыру;
  • ғылыми зерттеулер жүргізу, табиғи кешендерді сақтаудың ғылыми әдістерін әзірлеу және енгізу;
  • қоршаған орта саласындағы ғылыми кадрлар мен мамандарды даярлауға жәрдемдесу.

Экологиялық ағарту

  • экологиялық ағарту шараларын ұйымдастыру, оқу және танымдық экскурсиялар өткізу.