Елімізде түрлердің бұрынғы тарихи мекендерінде жойылып кеткен популяцияларын қалпына келтіру бағытында шаралар қабылданып жатыр. Ең ауқымды бастамалардың бірі – жолбарысты Қазақстанның табиғатына қайтару жобасы. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев хабарлады. Оның айтуынша, 2018 жылы жалпы аумағы 415 мың гектардан асатын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. […]