«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты Қазақстан Республикасы Алматы облысы Балқаш ауданының аумағында орналасқан.
Резерват аумағы өте маңызды табиғи кешен болып табылады және 2 учаскеден тұрады – «Балқаш маңы» және «Іле өзенінің сағасы». Бұл Орталық Азиядағы жалғыз өзен атырауы.
«Іле өзенінің сағасы» учаскесі Балқаш көлі акваториясының солтүстік-батыс тар бөлігін қазіргі су жиегінен 500 м қашықтықта және жағалау бөлігінің сулы-батпақты жерлерін, оның ішінде атырау көлдерін және Жиделі мен Иір арасындағы каналаралық кеңістіктерді қамтиды.Орта бөлігінде Шыбық, Көкүзек, Шағарай және Бәйменей өзен аралық арналары, көлдері жатады.
Балқаш маңы учаскесі Қараой ауылынан шығысқа қарай 20 км жерде орналасқан және су айдынының тар жолағын (500 м) және Балқаш көлінің жағалауын қамтиды. Учаскенің солтүстік шекарасы Балқаш көлінің бойымен судың шетінен акваторияға қарай 500 м қашықтықта өтеді. Шығыс шекарасы Алматы облысы Балқаш ауданының шекарасымен тұспа-тұс келеді. Оңтүстік шекарасы Балқаш көлінің жаға сызығына параллельді түзу сызықпен өтеді және Қарой мемлекеттік табиғи қорығының шекарасымен сәйкес келеді. Батыс шекарасы солтүстіктен оңтүстікке қарай көлдің су сызығына перпендикуляр өтеді.