«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік орман қоры аумағында, «Қарамерген» және «Қорыс» бекеттерінде арнайы қоршалған жерге 43 түп тораңғыл және 93 түп жиде көшеттері отырғызылды. ?
Бұл бастама қоршаған ортаны қорғауға, орман қорын молайтуға және табиғи биоалуантүрлілікті сақтауға бағытталған. ?
