-
? 12 сәуір – Ғылыми қызметкерлер күні
Ғылым – өркениеттің негізі, ал ғылыми қызметкерлер – сол іргетасты қалыптастыратын негізгі күш. Олардың еңбегі табиғат құпиясын ашуға, қоршаған ортаны қорғауға және қоғамның тұрақты дамуына бағытталған. ? «Іле–Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ғылыми қызметкерлері табиғи экожүйелерді зерттеп, биоалуантүрлілікті сақтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізуде. Ғылыми деректер мен зерттеулердің нәтижесі табиғатты тиімді қорғауға және келер ұрпаққа аман жеткізуге […]
Continue reading -
? «Іле–Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің мамандары «Үлгілі» орта мектебінің 6 «Ә» сынып оқушыларына Қарой ауылдық округіндегі қызметтік үйіне танымдық экскурсия ұйымдастырды.
Экскурсия барысында оқушылар: ? Жылыжай жұмысымен танысты ? Резерват аумағының табиғи ерекшеліктері туралы мәлімет алды ? Қызметтік көліктердің қолданылу тәртібімен танысты ? Мұндай іс-шаралар оқушылардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.
Continue reading -
«Жолбарыс қайта оралған мекен» – «Парктер шеруі–2026» аясында өткізілген сурет байқауы.
«Парктер шеруі–2026» табиғатты қорғау акциясы аясында «Үлгілі орта» мектебіне қарасты «Балалар өнер» мектебінің сурет үйірмесінің тәрбиеленушілері арасында «Жолбарыс қайта оралған мекен» атты сурет байқауы өткізілді. Байқау қорытындысы бойынша балалардың өз қиялынан туған үздік туындылардан арнайы көрме ұйымдастырылып, жас суретшілердің табиғатқа деген сүйіспеншілігі мен шығармашылық ой-өрісі кеңінен көрініс тапты.
Continue reading -
Биологиялық алуантүрлілік – табиғаттың баға жетпес байлығы
«Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Қарой ауылдық округіндегі «Үлгілі» орта мектебінде экологиялық-ағартушылық бағыттағы дәріс өткізді. Дәріс барысында оқушыларға биологиялық алуантүрліліктің мәні, оның экожүйедегі рөлі және табиғи тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, «Іле-Балқаш» өңірінде кездесетін сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлері туралы қызықты […]
Continue reading -
Рейдтік іс-шара: заңсыз балық аулаудың алдын алу
«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында табиғатты қорғау мақсатында рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде. Аталған жұмыстардың негізгі мақсаты – заңсыз балық аулау фактілерінің алдын алу және табиғи ресурстарды сақтау. Рейд барысында инспекторлар су айдындарын бақылап, балық аулау ережелерінің сақталуын тексерді. Сонымен қатар, тұрғындар мен балықшыларға табиғатты қорғау талаптары түсіндіріліп, профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Табиғатты қорғау – әр […]
Continue reading -
Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжінде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының бастамасымен «Таза Қазақстан – Болашақ кепілі» атты танымдық дәріс ұйымдастырылды.
Аталған шараға резерваттың бас директоры Қожабеков Қанат Сауытханұлы және Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің басшысы Қыстаубаева Г.Д. қатысып, студенттермен мазмұнды кездесу өткізді. Кездесу барысында қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен қозғалды. Сонымен қатар, «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жүзеге асырылып жатқан жұмыстар таныстырылып, нақты мысалдар арқылы […]
Continue reading -
? «Ақкөл» орта мектебі мен «Бақанас мектеп-интернаты» Құстар күнін атап өтті!
1 сәуір – Халықаралық құстар күніне орай «Ақкөл» орта мектебі мен «Бақанас мектеп-интернатының» қатысуымен экологиялық бағыттағы танымдық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы, оларды қорғау жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді. Сонымен қатар, оқушылар мен ұйымдастырушылар бірлесіп мектеп аумағына құстарға арналған ұяшықтар орнатып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. ? Бұл игі бастама жас ұрпақты […]
Continue reading -
01 сәуір күні «Парктер шеруі-2026» табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында «Үлгілі» орта мектебі мен «Ә.Ахметов» атындағы орта мектебінің оқушылары үшін «1 сәуір – Құстар күні» аясында мазмұнды кездесу ұйымдастырылып, экологиялық бағыттағы танымдық дәріс өткізілді.
Кездесу барысында мерекенің шығу тарихы мен маңыздылығы түсіндіріліп, табиғаттағы құстардың рөліне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ резерват аумағында тіршілік ететін құс түрлері туралы қызықты мәліметтер ұсынылып, оларды қорғау қажеттігі кеңінен айтылды. Іс-шараның практикалық бөлімінде оқушылар мамандармен бірге құстарға қамқорлық жасау мақсатында ұяшықтар дайындап, оларды мектеп аумағына орнатты. Бұл жұмыстар олардың табиғатқа деген жанашырлық көзқарасын қалыптастыруға ықпал […]
Continue reading -
? «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты: жолбарысты қайта табиғи ортаға енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті
? «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты: жолбарысты қайта табиғи ортаға енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті «Іле-Балқаш» резерватында жолбарысты табиғи ортаға қайтару жөніндегі маңызды кеңес ұйымдастырылды. ? Кеңеске қатысты: 1️⃣ Алматы облыстық орман шаруашылығы және Жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы 2️⃣ Балқаш ауданы әкімдігі 3️⃣ Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары 4️⃣ […]
Continue reading -
? «Парктер шеруі–2026» – табиғатты қорғауға бағытталған маңызды бастама!
Қарой ауылдық округіндегі «Үлгілі» орта мектебінде «Парктер шеруі–2026» халықаралық экологиялық акциясының салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара табиғатты аялауға үндеген әсерлі шерумен басталып, оған резерват қызметкерлері, «Жасыл Life» мектеп орманшылығының оқушылары және ауыл тұрғындары қатысты. ✨ Ашылу барысында ұйымдастырушылар акцияның басты мақсаты – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамның табиғатқа деген жауапкершілігін арттыру […]
Continue reading










