Биологиялық алуантүрлілік – табиғаттың баға жетпес байлығы

«Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Қарой ауылдық округіндегі «Үлгілі» орта мектебінде экологиялық-ағартушылық бағыттағы дәріс өткізді.
Дәріс барысында оқушыларға биологиялық алуантүрліліктің мәні, оның экожүйедегі рөлі және табиғи тепе-теңдікті сақтаудағы маңызы жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар, «Іле-Балқаш» өңірінде кездесетін сирек және жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар түрлері туралы қызықты мәліметтер ұсынылды.
Мамандар табиғатқа ұқыпты қарау, қоршаған ортаны ластамау, жануарлар мен өсімдіктер әлемін қорғау – әр адамның азаматтық борышы екенін атап өтті.
Оқушылар өз кезегінде белсенділік танытып, сұрақтар қойып, табиғатты қорғау тақырыбына ерекше қызығушылық білдірді. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың экологиялық санасын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.
Табиғатты қорғау – бүгінгі міндет, келер ұрпаққа аманат!