1 сәуір – Халықаралық құстар күніне орай «Ақкөл» орта мектебі мен «Бақанас мектеп-интернатының» қатысуымен экологиялық бағыттағы танымдық дәріс ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға құстардың табиғаттағы маңызы, оларды қорғау жолдары туралы маңызды ақпараттар берілді.
Сонымен қатар, оқушылар мен ұйымдастырушылар бірлесіп мектеп аумағына құстарға арналған ұяшықтар орнатып, табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. 🐦
Бұл игі бастама жас ұрпақты табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеп, қоршаған ортаны аялауға үндейді.
