• «М.Сеңгірбаев» атындағы орта мектебінде «Қыстап қалған құстарға қамқор болайық» тақырыбында экологиялық дәріс ұйымдастырылды.

    Іс-шара барысында оқушылар қыстап қалатын құстардың ерекшеліктері, олардың табиғаттағы рөлі және қыс мезгілінде құстарды қорғау жолдары туралы мағлұмат алды. Құстарға қамқорлық жасаудың қарапайым тәсілдері түсіндіріліп, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызы айтылды. Дәріс оқушылардың табиғатқа деген жанашырлығын арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген қызығушылығын оятты. ??  

    Continue reading
  • ? Аэрация жұмыстары жүргізілді ?

    «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында су айдындарының экологиялық жағдайын жақсарту және балық ресурстарын сақтау мақсатында жоспарлы аэрация жұмыстары жүргізілді. Аталған іс-шаралар судағы оттегінің деңгейін арттыруға, қыс мезгілінде балықтардың тұншығу қаупін азайтуға және су экожүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған

    Continue reading
  • ? Рейдтік іс-шаралар жүргізілуде ?

    «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Рейд барысында заңсыз аңшылықтың, балық аулаудың және табиғи ресурстарды рұқсатсыз пайдаланудың алдын алу бағытында бақылау күшейтілді. Сонымен қатар, демалушылар мен жергілікті тұрғындар арасында табиғатты қорғау талаптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. ? Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!

    Continue reading
  • Хабарландыру! Оқушылар назарына!

    «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты оқушылар арасында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясын кеңінен насихаттау мақсатында, Қарой ауылдық округі, «Үлгілі» орта мектебінің 6-8 сынып оқушылары арасында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты, табиғат сөздерін қосып, байланыстыра отырып,  «Таза Қазақстан»  атты тақырыпта өлең байқауын жариялайды.   Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар: Өлеңде тақырып толық қамтылған, мазмұнды, тақырыпқа сай болуы тиіс. Өлеңге […]

    Continue reading
  • ? Құрметті оқырмандар! ⚜️

    ? 2025 жылдың 29 желтоқсан күні @ilebalkhash.kz Instagram парақшасында тікелей эфир өтетінін хабарлаймыз! Тікелей эфир барысында маңызды тақырыптар қозғалып, сұрақтарыңызға жауап беріледі.  

    Continue reading
  • 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні ??

    16 желтоқсан – Қазақстан халқы үшін тарихи маңызы зор, елдің егемендігі мен мемлекеттілігін айқындайтын күн. Тәуелсіздік жылдары еліміз әлеуметтік-экономикалық дамудың берік негізін қалыптастырып, халықаралық аренада өз орнын айқындады. Бұл мереке – бірлік пен тұрақтылықтың, ұлттық құндылықтарды сақтау мен дамыту жолындағы ортақ жауапкершіліктің символы. Тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері арта берсін.

    Continue reading
  • «Аралтөбе» орта мектебінде кезекті дәрістер өткізілді

    «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары экологиялық ағарту жұмыстарын жалғастыруда. Бүгін «Аралтөбе» орта мектебінде оқушыларға табиғатты қорғау, жануарлар дүниесін сақтау тақырыптарында кезекті дәрістер өткізілді. Дәріс барысында оқушыларға резерваттың маңызы, экожүйені сақтау жолдары түсіндіріліп, оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында сұрақ-жауап ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың экологиялық сауаттылығын арттыру және туған табиғатқа деген жауапкершілігін қалыптастыру.

    Continue reading
  • Бүгін «Көкжиде» орта мектебі және «Ә.Ахметов» атындағы орта мектебінде «Жолбарыстың Қазақстанға оралуы» және «Іле-Балқаш МТР аумағындағы Қызыл кітапқа енген жануарлар және оларды қорғау шаралары» тақырыптарында ақпараттық дәрістер өткізілді.

    Оқушыларға сирек жануарларды сақтау, олардың табиғаттағы рөлі және резерват аумағында жүргізіліп жатқан қорғау жұмыстары туралы маңызды мәліметтер берілді.

    Continue reading
  • ? “Үлгілі” орта мектебінің 9 «А» сыныбында экологиялық семинар-дәріс өтті

    Бүгін 9 «А» сынып оқушыларына табиғатты қорғау тақырыбында мазмұнды семинар-дәріс өткізілді. Дәріс барысында биоалуантүрліктің маңызы, түрлердің жойылу себептері, оларды сақтап қалу жолдары және «Іле-Балқаш» МТР экожүйесінің биоалуантүрлілігі түсіндірілді. ? Оқушылар топтық тапсырмалар орындап, экологиялық жағдайларды талқылап, табиғатты қорғауға қатысты өз ұсыныстарын айтты. ? Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға зор

    Continue reading

© Государственный природный резерват «Иле-Балхаш»