Шағын гранттар бағдарламасын «Экобиожоба» қоғамдық қоры «Жолбарысты Қазақстанға қайтару бағдарламасы» шеңберінде Қазақстан Республикасы Алматы облысының Балқаш ауданында жүргізеді және аумақтық тұрғыдан «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты мен резерватпен басқарылатын қаумалдар мен экологиялық дәліздерге бағдарланған.
Басым бағыттар: бақша шаруашылығы, бау-бақша шаруашылығы және өнімділігі жоғары жем-шөп дақылдарын егу; ара шаруашылығы және құс шаруашылығы; экотуризмді дамыту, экологиялық тұрақты кәсіпкерлік, дәстүрлі халық кәсіпшілігі және т.б.
2020 жылы «Экобиожоба” ҚҚ Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF), «Іле-Балқаш» резерватының және ауылдық округ Әкімдігінің қолдауымен гранттар бағдарламасына қосымша Қарой ауылының 20 отбасы үшін ауыл шаруашылығы өнімдерін бірлесіп өсіру бойынша пилоттық жобаны сәтті іске асырды. Жақсы өнім алынды.
Ал 2021 жылы 14 жеңімпаздың әрқайсысы Балқаш ауданының Қараой және Көктал ауылдық округтерінің аумағында 1 гектарға дейінгі жерге жеміс ағаштары мен бақша дақылдарын отырғызады. Көшеттер тегін беріледі. Сондай-ақ, осы екпелерді тамшылатып суаруға арналған жабдық орнатылады. Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (WWF) Балқаш ауданында тамшылатып суаруды енгізу жөніндегі жобасын Global Water Challenge қаржыландырады.
Балқаш ауданының қуаң климаты жағдайында суды сақтау және оны ұтымды пайдалану дамудың басым бағыты болып табылады, өйткені атмосфералық жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 100-150 мм құрайды, ал қуаң климат шаруашылық қызметті жүргізуді қиындатады.
Тамшылатып суару – бұл өсімдіктерді суарудың өте тиімді әдісі, онда су қоректік заттармен бірге аз мөлшерде өсімдіктің тамыр аймағына тікелей енгізіліп, 100% пайдаланылады.
Қазақстанда 2020 жылғы жағдай бойынша 1,5 миллион гектар ауыл шаруашылығы жерінде су шаруашылығы инфрақұрылымы жүргізілген және тек 14% – ға ғана заманауи тамшылатып және жаңбыр суымен суару қолданылады. Қалған аудандар ескірген экономикалық емес әдістермен – үздіксіз су басумен және жер үсті суарумен суландырылады. Сондықтан суару кезінде ылғал үнемдеу технологияларын қолдану үлесін арттыру өзекті міндет болып табылады.
Сондай-ақ, Қараой және Көктал ауылдарының мектептері аумағында тамшылатып суаруды ұйымдастыру жоспарлануда.