⚜️Жаяу жүргіншілер көшесіндегі (арбат) үгіт-насихат жұмыстары

«Парктер шеруі – 2025» табиғатты қорғау акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері Алматы қаласындағы жаяу жүргіншілер көшесінде (арбат) үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды. Іс-шараның негізгі мақсаты – Алматы қаласының тұрғындары арасында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ақпараттандыруды арттыру, сондай-ақ экологиялық сауаттылық деңгейін көтеру болып табылады.