ЖАНУАРЛАРДЫ ҚОРҒАУ — ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУ

4 қазан — Дүниежүзілік жануарларды қорғау күніне орай, Көктал ауылдық округіндегі «Ә.Ахметов» атындағы мектеп пен Қарой ауылдық округіндегі «Үлгілі» орта мектебінің оқушыларына жануарлар дүниесін қорғауға бағытталған танымдық дәріс өткізілді.

Танымдық кездесу барысында оқушыларға жануарлардың табиғи экожүйедегі маңызы, оларға төнетін негізгі қауіптер және жануарлар дүниесін қорғаудың тиімді жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстанның, оның ішінде «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының жануарлар әлемі туралы ақпарат берілді.

Дәріс барысында табиғи мекендерді сақтау, қоршаған ортаны ластамау, заңсыз аңшылыққа жол бермеу, жабайы жануарларды мазаламау және табиғатқа жауапкершілікпен қарау қажеттігі атап өтілді.

Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жануарлар дүниесі мен табиғатты қорғауға қатысты пайдалы ақпараттармен танысты.

🌿 Жануарларды қорғау — табиғи тепе-теңдікті сақтаудың маңызды бөлігі. Табиғатты қорғау әрқайсымыздың күнделікті әрекетімізден басталады!