“Іле-Балқаш” мемлекеттік табиғи резерваты және Балқаш-Алакөл облысаралық бассейндік балық шаруашылығының Төменгі Іле балық инспекциясымен бірлесіп, “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында “Таза жағалау” акциясын өткізді.
Акцияның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, су айдындарының жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазарту және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.
Іс-шараға жалпы 25 адам қатысып, өзен-көл жағалауларын қоқыстан тазалады. Бұл – табиғатты аялау әр азаматтың міндеті екенін көрсететін игі бастама.
🌱 Табиғатты қорғау – болашақ ұрпаққа аманат!
🌍 Тазалық – өзімізден басталады!
#ТазаҚазақстан #ТазаЖағалау #Экология #ІлеБалқаш #ТабиғаттыҚорғау
