«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында орнатылған фототұзақ объективіне түздің сымбатты да сергек жануарлары — қарақұйрықтар ілікті.
Бұл ерекше кадрларда олар табиғи ортада еркін қозғалып, суат басында шөлін басып тұр. ?
Қарақұйрық — шөл мен шөлейттің шапшаң әрі көрікті тұрғыны. ?
Сирек кездесетін бұл жануарды қорғау – табиғат байлығын сақтау жолындағы маңызды міндеттердің бірі. ?
