? Табиғатты қорғау – ортақ міндет! ?

Бақанас мектеп-интернатында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы биотехникалық іс-шаралар тақырыбында танымдық дәріс өткізілді.

Дәріс барысында оқушыларға резерват аумағында жүргізілетін биотехникалық іс-шаралар, жабайы жануарларды қорғау, олардың қоректік базасын жақсарту және табиғи тепе-теңдікті сақтау жолдары түсіндірілді. ??

Мұндай танымдық дәрістер жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелейді. ?

? Табиғатты қорғау – болашақты қорғау!