ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2026 жылғы 20 шілдеде өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі кеңестің» хаттамасы негізінде мекеменің бас директоры Қожабеков Қ бастамасымен қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және қызметтік әдеп талаптарын сақтау мақсатында жиын өткізілді.
Іс-шара барысында мекеменің заңгері – бас маман Б.Қайырбаев «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу» тақырыбында дәріс оқып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау және құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен талқыланды.
Жиынның негізгі мақсаты – ұжым арасында ашықтық, адалдық және әділдік қағидаттарын насихаттау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту және қызметтік әдеп талаптарын қатаң сақтау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың ортақ міндеті. Заң талаптарын сақтау мен адал еңбек қағидаттарын ұстану – қоғамның сенімі мен тұрақты дамуының кепілі.
