🪵«Сексеуіл күні»

🪵 21 наурыз «Сексеуіл күніне»  орай «Іле – Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының Экологиялық ағарту, рекреация және туризм бөлімінің қызметкерлері және Табиғи кешендер мен объектілерді өсіру және табиғатты пайдалану бөлімінің басшысы Бақанас аграрлы-индустриалдық колледжі студенттеріне экологиялық дәріс өткізіп, сексеуіл ағашының маңыздылығын түсіндірді.