⚜️Құрметті табиғат жанашырлары мен достар!⚜️

 

🌱Сіздерді табиғаттың жаңаруын, тіршіліктің түлеуін сүйіншілеген Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Көктемнің алғашқы лебі даланы гүлге орап, жан-жануар оянып, тіршілік қайта түлеп жатқанда, біздің де жүрегіміз үміт пен қуанышқа толады. Табиғат ананың сыйға тартқан молшылығын қадірлеп, туған жердің әсемдігін қорғап, болашақ ұрпаққа аманат ету — бәріміздің ортақ міндетіміз.

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты баршаңызға мықты денсаулық, бейбіт өмір және табиғатпен үндескен баянды бақыт тілейді. Наурыз құтты болсын! Жер-суымыз аман, табиғатымыз тұнық болсын!