Іс-шара барысында оқушыларға қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығы, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық тепе-теңдікті сақтау туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Дәріс соңында оқушылар өз ойларымен бөлісіп, табиғатты қорғауға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етеді.
