Аталған көрме «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты мен музей мамандарының бірлесуімен өткізілді.
Көрмені Бақанас ауылындағы «Жасұлан» балалар бақшасының «Қарлығаш» тобының тәрбиеленушілері мен тәрбиешілері, Балқаш ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қызметкерлері, Балқаш аудандық кітапхана ұжымы, резерват қызметкерлері, Балқаш аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының мамандары, «Бақанас мектеп-интернатының» оқушылары мен ұстаздары, сондай-ақ «М. Сеңгірбаев» атындағы орта мектептің оқушылары мен ауыл тұрғындары тамашалады.
Табиғат пен тарихты тоғыстырған мазмұнды көрме келушілерге ерекше әсер сыйлап, туған өлкенің табиғи мұрасы мен тарихи құндылықтарын кеңінен насихаттауға мүмкіндік берді. ✨🌱
