🐅 «Парктер шеруі – 2026» халықаралық экологиялық акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Қонаев университеті студенттерімен кездесу өткізіп, «Қазақстанда жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы» тақырыбында танымдық дәріс ұйымдастырды.

Іс-шара барысында жоба кезеңдері, резерват аумағындағы атқарылып жатқан жұмыстар және жолбарыстың табиғи ортадағы рөлі түсіндірілді. Студенттер тақырып бойынша сұрақтарын қойып, толық жауап алды.

🐅 Жолбарысты қайта жерсіндіру – табиғат тепе-теңдігін қалпына келтіруге бағытталған маңызды бастама.