⚜️ «Парктер шеруі – 2025» халықаралық экологиялық акциясы аясындағы кездесулер

📌 2025 жылдың 29- шы сәуір күні «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының ұйымдастыруымен №7 Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ және Бақанас ауылдық обаға қарсы күрес бөлімімен бірлескен кездесулер өтті.

♻️ Кездесулердің негізгі мақсаты – резерваттың табиғатты қорғау бағытындағы қызметімен танысу, мекемелер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған бірлескен бастамаларды дамыту болды.

🌱 Мұндай кездесулер табиғатқа жанашырлықпен қарау мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық экологиялық жауапкершілікті арттыруға септігін тигізеді.