🌿«Парктер шеруі – 2025» акциясы аясында табиғат жанашырларымен кездесу!

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері «Парктер шеруі – 2025»халықаралық экологиялық акциясы аясында Ы.Алтынсарин атындағы, Бояулы және Береке орта мектептерінің оқушыларымен тағылымды кездесу өткізді.

Балаларға «Жолбарыстың Қазақстанға оралуы», «Табиғатты қорғайық — орман өртіне жол бермейік», «Жануарлар мен өсімдіктер дүниесі» тақырыптарында дәріс оқып, қызықты мәліметтер ұсынылып, олардың табиғаттағы маңызы түсіндірілді. Оқушылар жан-жануарлар мен өсімдіктердің суреттерін бояп, пазл құрастырып, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.

🌱 Бұл шара жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, экологиялық тәрбие берудің жарқын үлгісіне айналды.

🌎  Табиғатты бірге қорғап, болашаққа аманаттайық!