«Парктер шеруі – 2021» акциясының шеңберінде «Табиғатымызды сақтайық!» атты балалар көркем шығармашылығы байқауын өткізу туралы ереже

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты  «Табиғатымызды сақтайық» атты балалар плакат конкурсын ұйымдастырады.

Плакат көркемдік бөлімнен тұруы қажет, ол сұлулықты, құндылықты, резерваттың ерекшеліктерін және ұранын – қысқа және кең мәлімдемеде,белгілі бір табиғи аумақта белгілі бір мәселені шешуге арналу қажет. Ұран жалпылама емес ынталандырушы және нақты болуы керек.

Жақын жерде қоқыс тасталады? Көктемде шөптер мен қамыстарды өртеуден  сирек кездесетін құстар зардап шегеді ме? Браконьерлер резерват аумағында аңшылық жасайды ма? Қатысушылардың міндеті – резерватқа қандай қауіп төнетінің анықтау және осы мәселені шешуге шақыратын плакат жасау. Жұмыстар 2021 жылдың 30 сәуірінен бастап 20 мамыр дейін келесі мекен-жайлар бойынша қабылданады: Баканас ауылы, Рысқұлов көшесі №57а.

Байқаудың нәтижесі 2021 жылдың мамыр айында жарияланады. Жеңімпаздар дипломдар мен жүлделерге ие болады. Ең үздік жұмыстар Іле-Балқаш сайтының интернет-галереясын толықтырады және резерваттың Instagram мен Facebook әлеуметтік желі беттерінде жарияланады. Резерват суреттерді көрмелерде, баспа материалдарында, әлеуметтік жарнамада  қолдануға құқылы. Жұмысты бағалау кезінде өздігінен орындағаны, орындау сапасы, тақырыптың сақталуы, биологиялық қателіктердің болмауы, ұранның ерекшелігі мен өзектілігі ескеріледі.

Плакаттарға қойылатын талаптар: ·

плакаттар конкурс тақырыбына сәйкес болуы керек;·

плакаттарда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың нақты проблемаларын шешуді талап ететін қысқаша және ақпараттық ұран болуы тиіс;·

парақтың өлшемі – 30х40 см артық емес (A3 форматты);·

Плакат баланың өзіндік жұмысы болуы керек;·

Плакат түпнұсқасы болуы тиіс (көшірілмеген);·

Плакаттар электронды түрде қабылданбайды;·

Жіберілген жұмыстар қайтарылмайды;·

Қатысушылардың жасы 18 жасқа дейін;·

Автор және басқа ақпарат туралы тек суреттің артқы жағында ғана көрсетілсін  немесе суреттің өзін бұзбауы үшін кері жағына жабыстырылсын.

Степлер пайдаланбаңыз!

Суретке қалай қол қою керек: 

Суреттің аты

Автордың аты-жөні (суретті салған)

Жас

Автордың тұрғылықты жері

Оқу орны (мектеп, колледж және т.б.)

Сізге сәттілік тілейміз!