Неге 2 ақпан?

1971 жылғы 2 ақпанда Рамсар қаласында (Иран) халықаралық маңызы бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға қол қойылды.

Жыл сайын 2 ақпан сулы-батпақты алқаптардың табиғат пен адамдар өмірінде маңызды рөл атқаратынына назар аударту, оларды орынды қолдану рөлінің маңыздылығына көңіл аударту үшін Дүниежүзілік сулы-батпақты алқаптар күні ретінде атап өтіледі.

Қазақстанның халықаралық маңызы бар 
сулы-батпақты жерлері:

Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі, Торғай және Ырғыз өзендерінің төменгі сағаларындағы көлдер, Орал өзенінің сағасы және Каспий теңізі маңындғы жағалаулар, Қойбағар -Tымтәуір көлдер жүйесі, Қулыкөл – Талдыкөл көлдер жүйесі, Жарсор-Үрқаш көлдер жүйесі, Наурызым көлдер жүйесі, солтүстік Арал теңізінің және Сырдария сағасының, Іле өзенінің атырауы мен Балқаш көлінің оңтүстік бөлігінде Алакөл-Сасықкөл жүйесі.