🌿 Кезекті рейдтік іс-шаралардан үзінді

«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мемлекеттік инспекторлары табиғатты қорғау, заңсыз аңшылықтың және өзге де құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында кезекті рейдтік іс-шаралар өткізді.

Іс-шара барысында қорғалатын аумақтар мен жануарлар мекендейтін жерлер тексеріліп, экологиялық талаптардың сақталуына бақылау жүргізілді.