«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты мен «Алматы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» бірлесе отырып, табиғатты қорғау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізді.

Рейд барысында резерват аумағында табиғат қорғау заңнамасының сақталуы тексеріліп, заңсыз аңшылық пен балық аулаудың алдын алу, жабайы жануарлар дүниесін қорғау бағытында бақылау жұмыстары атқарылды.

Мұндай бірлескен рейдтік іс-шаралар табиғи кешендерді сақтау, биологиялық әртүрлілікті қорғау және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.

Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз! 🌿