Бүгін Ақдала орта мектебінде ерекше күн болды! ? «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары оқушыларға екі маңызды тақырыпта әсерлі эко дәріс өткізді:
?«Бем қызғалдағы – шөлдің гүлдеп тұрған жүрегі»
? «Орманды – оттан, болашақты – қауіптен қорғайық»
Бұл дәрістерде оқушылар шөл далада гүлдейтін ерекше сұлулық — Бем қызғалдағы туралы тың мәліметтермен танысып, орман өрттерінің зардаптары мен оларды болдырмау жолдары туралы мол ақпарат алды. Балалар белсенділік танытып, табиғатты қорғау жолындағы өз ойларымен бөлісті.
? Табиғатты тану — өз болашағыңды қорғау. Осындай сабақтар жас ұрпақтың бойында экологиялық жауапкершілік пен сүйіспеншілікті қалыптастырады.
