«Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары «№1 Жамбыл атындағы және Қарағаш, Бірлік» орта мектептерінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында «Қазақстанға жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы» тақырыбында экологиялық дәрістер өткізіліп, оқушыларға сирек кездесетін жануарларды қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғатқа ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – Қазақстанға жолбарыстың қайта оралуының маңыздылығын түсіндіру, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
#ПарктерШеруі2026 #ІлеБалқаш #Экология #Биоалуантүрлілік #Жолбарыс🐅🌿
