«Парктер шеруі – 2026» табиғатты қорғау экологиялық акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары «Ж.Бәрібаев, Д.Қонаев, №2 Жамбыл, Н.Бозжанов атындағы және Аралтөбе,Топар, Жиделі» орта мектептерінің оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.
Кездесу барысында «Қазақстанға жолбарысты қайта жерсіндіру бағдарламасы» тақырыбында экологиялық дәрістер өткізіліп, оқушыларға сирек кездесетін жануарларды қорғау, биоалуантүрлілікті сақтау және табиғатқа ұқыпты қарау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Шараның басты мақсаты – Қазақстанға жолбарыстың қайта оралуының маңыздылығын түсіндіру, өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға деген жауапкершілігін арттыру.
