Бақанас мектеп-интернатында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы биотехникалық іс-шаралар тақырыбында танымдық дәріс өткізілді. Дәріс барысында оқушыларға резерват аумағында жүргізілетін биотехникалық іс-шаралар, жабайы жануарларды қорғау, олардың қоректік базасын жақсарту және табиғи тепе-теңдікті сақтау жолдары түсіндірілді. 🦌🌿 Мұндай танымдық дәрістер жас ұрпақтың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны аялауға тәрбиелейді. 🌍 🌱 Табиғатты қорғау – болашақты қорғау!