Парктер шеруі — ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, соның ішінде Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерватын қолдау идеясы бойынша қоғамның барлық секторларын (бизнес, бұқаралық ақпарат құралдары, мемлекеттік органдар, жергілікті тұрғындар) біріктіруге бағытталған қоғамдық іс-шара. «Парктер шеруі» акциясы жыл сайын 22 наурыздан 22 мамырға дейін өткізіледі. 2010 жылы Орман және жануарлар әлемі комитеті акцияның нышаны ретінде қызғалдақ гүлін бекітті. […]