🌷 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Ізгілік пен мейірімнің, сұлулық пен нәзіктіктің символы болған аяулы аналар мен аруларды шын жүректен құттықтаймыз. Сіздер – өмірдің сәні, отбасының берекесі, қоғамның шуағысыздар.

Көктеммен бірге келген бұл мереке сіздерге шаттық, қуаныш және жақсы көңіл-күй сыйласын. Әрқашан жүздеріңізден күлкі кетпей, бақ-береке мен амандық серік болсын!

Ізгі тілекпен,
🌿 «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты.