?«Парктер шеруі – 2025» халықаралық экологиялық акциясы аясында кездесу

? «Парктер шеруі – 2025» халықаралық экологиялық акциясы аясында, 6 мамыр күні «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының мамандары Балқаш ауданы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұжымымен кездесу өткізді.

? Кездесу барысында резерваттың негізгі қызметі мен табиғатты қорғау бағыттары таныстырылып, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру жайлы пайдалы ақпараттармен бөлісілді.

? Табиғатты бірге қорғайық!

#ІлеБалқаш #ПарктерШеруі2025 #Экология #ТабиғаттыҚорғайық