⚜️«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватында жабайы аңдарды азықтандыру бойынша биотехникалық іс-шаралар жүргізу барысындағы сәттер. Еске сала кетейік, қысқы кезеңде табиғи азық көздері азайған уақытта, резерват қызметкерлері жануарлардың санын сақтауды қамтамасыз ету үшін үнемі азықтандыру жұмыстарын жүргізеді. Бұл аймақ экожүйесін сақтап, онда тіршілік ететін түрлердің әл-ауқатын қамтамасыз ету үшін маңызды.