23-ші мамыр – Дүниежүзілік тасбақа күні

Бұл күні, әлемнің көптеген елдерінде даналықты, байлық пен ұзақ өмірді бейнелейтін жануар – Дүниежүзілік тасбақа  (World Turtle Day) – күні атап өтіледі.

Көптеген адамдар Тортила тасбақасын біледі – Буратиноның шытырман оқиғалары туралы ертегідегі алтын кілттің сақтаушысы және мутант Ниндзя тасбақалары туралы атақты анимациялық сериалдар өскелең ұрпақтан – ұрпаққа жетіп, оны көріп, қызықтап, өсіп жатқаны белгілі. «Тасбақа мен қоян», «түлкі, тасбақа және кене» туралы қазақ халқының ертегілерін көпшілік оқығаны белгілі. Тағы сол сияқты, «Кунг-фу Панда» мультфильмін көргендердің бәрі, Ұлы Ұстаз, қарт дана тасбақа Угвейдің, «апат –  кездейсоқ емес!» деген қанатты сөзін еске алатыны сөзсіз.

Тасбақа, балалар кітаптарының, ертегілердің, әңгімелер мен мультфильмдердің басты кейіпкеріне айналғаны белгілі. Кейіпкер ретінде тасбақа өзінің баяулығымен ғана ерекшеленбейді, сонымен қатар, бұл жануар күш пен шыдамдылықты, төзімділік пен тұрақтылықты, сабырлық пен ұзақ өмірді, сондай-ақ даналықты бейнелейді.

Бұл күннің аталып өту себебі, оның мақсаты – адамдардың қатыгездік қателіктерінен иррационалдық жолмен тасбақа аулауды, сондай-ақ, жерді қоршау үшін қазылған шұқырларға түсіп кетіп, тас жолдарда автокөлікпен жүріп келе жатып таптап кетіп өлтіру, т.б қауіптік салдарынан тасбақалардың көптеп қырылу мәселесіне жол бермеу үшін, қоғамның назарын аудару.

Орта Азиялық құрлық тасбақасы, «Іле-Балқаш» резерватында тіршілік етеді және заңмен қорғалады.