Бүгін — ежелгі табиғат кереметтерінің бірі, шыдамдылық пен сабырлықтың символы саналатын тасбақаларды құрметтеу күні. «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты тасбақалардың экожүйедегі ерекше рөлін атап өтеді және оларды қорғаудың маңыздылығын еске салады.
Табиғатты аялаңыз, жан-жануарларды қорғаңыз! Тасбақалар — табиғаттың үнсіз куәгерлері.