? 15 сәуір – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Алматы облысы, Балқаш ауданы, Бақанас ауылдық округінде ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

? Аталған шараға «Іле–Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері, ауыл тұрғындары және түрлі мекеме өкілдері белсенді қатысып, елді мекен аумағын көгалдандыру жұмыстарына өз үлестерін қосты.

Шараның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғи тепе-теңдікті сақтау және жасыл желекті көбейту.

? Отырғызылған әрбір көшет – болашаққа жасалған маңызды қадам, ал табиғатқа деген жанашырлық – ортақ жауапкершілік.

? Табиғатты қорғау – баршамыздың ортақ міндетіміз!