♻️ 15 сәуір – Экологиялық білім күні

♻️ 15 сәуір – Экологиялық білім күніне орай«Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерваты Қарой ауылдық округінде орналасқан «Үлгілі» орта мектебінде танымдық дәріс пен экологиялық викториналық ойындар ұйымдастырды.

Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық сауаттылықты дамыту.

Балалар белсенділік танытып, қызықты сұрақтарға жауап беріп, табиғатты қорғауға қатысты тың мәліметтермен танысты.

Мұндай кездесулер – болашақ буынның бойында экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды қадамы.