1 сәуір – Құстар күні болып саналады, себебі бұл күні 1906 жылы Құстарды қорғау туралы халықаралық конвенцияға қол қойылды.
Бұл оқиға біздің планетамызда мекен ететін барлық құстарға арналған мерекенің көзі болды.
Мерекенің мақсаты – жабайы құстарды қорғау, қоғамның назарын құстардың сақталуына аудару, ұяларды бұзудан қорғау, сирек құстар туралы айту.
Америка Құрама Штаттарында алғаш рет Құстар күні – жаппай балалар мерекесі ретінде басталды. 1894 жылы мерекелік іс-шараны Пенсильвания штаты Ойл-Сити қаласындағы мұғалімі Чарльз Бабкок ұйымдастырды. Ал Ресейде мереке 1926 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді.
Іле-Балқаш резерватында құстардың 298 түрі бар, оның 33-і Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген: бұйра бірқазан, ақбас үйрек, үкі, дала қыраны және т.б.
Бүгін Халықаралық Құстар күнінде біздің ескертетініміз, Қазақстанда құстар жойылып кетсе, бәріміз үшін экологиялық апат болады, оның салдары адамдар үшін күтпеген болуы мүмкін.
Фото: В.Ковшарь