?«Таза болса табиғат, аман болар адамзат»?

 ? 2025 жылғы 11 шілде күні «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватының қызметкерлері мен Балқаш ауданының Жастар ресурстық орталығының мамандары мен белсенділері Бақанас каналының жағалауын қоқыстан тазарту бойынша игі іс-шара өткізді.

♻️ Бұл бастаманың басты мақсаты — ауылымыздың маңызды су көздерінің бірі саналатын Бақанас каналының экожүйесін сақтау, тұрмыстық қалдықтардан арылту арқылы табиғи ортаны ластанудан қорғау болатын.

? Сонымен қатар, жастар арасында экологиялық мәдениетті нығайтып, табиғатқа деген жауапкершілік сезімін ояту – бұл шараның маңызды бағыттарының бірі болды.

? Бірге тазалайық, бірге қорғайық – табиғат бізге аманат!

#ТазаҚазақстан #ІлеБалқаш #ЖастарОрталығы#Экосана #ЖасылБолашақ #Бақанас2025 #Экоакция